Құтқарушылар су айдындарына қатысты қайғылы статистикаға алаңдаулы
Шығыс Қазақстан облысында биылғы шомылу маусымында 34 адам, оның ішінде 9 бала суға батып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы ШҚО ақпараттық орталығында БАҚ өкілдерімен өткен брифингте ШҚО ТЖД баспасөз хатшысы Марина Лискова мәлімдеді.
Сондай-ақ, ШҚО ТЖД қызметкерлері су айдындарында 22 адамды, оның ішінде 6 баланы құтқарғанын айтты.
«Алайда, өңірдің су айдындарында қаза тапқандар санының өсуі құтқарушыларды алаңдатып отыр. Шомылу маусымы басталғалы бері өңірде 34 шығыс қазақстандық суға батып кетті, олардың 9-ы – балалар болды. 2020 жылғы шомылу маусымында да 33 демалушы, оның ішінде 9 бала суға батып қаза болған еді», - дейді облыстық төтеншеліктер.
Құтқарушылар қайғылы оқиғалардың негізгі себептерін қарапайым қауіпсіздік ережелерін бұзу деп атады. Осылайша, балалар қараусыз қалған 13 жазатайым оқиға орын алған. Мас күйде суға түсіп, 5 адам қаза тапқан. Жабдықталмаған жағажайларда – 33, демалыс базасының жанында балық аулау кезінде 1 адам опат болған.
«ШҚО ТЖД құтқарушылары жаздың алғашқы күндерінен бастап белсенді профилактикалық жұмыс, креативті акциялар өткізеді, өскелең ұрпақ онлайн сабақтар құралдары бойынша және балаларға арналған демалыс лагерлеріне бару арқылы оқытылады. Көмекке полицейлер, еріктілер жұмылдырылып, құтқарушылар демалушыларға судағы қауіпсіздік ережелері туралы түсіндіреді. 5280 профилактикалық рейд ұйымдастырылды, онда демалушыларға 86055 жадынама таратылды. Базалардың иелерімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, азаматтардың қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету мақсатында 33 меморандум жасалды», - дейді құтқарушылар.
Туризм басқармасының мәліметінше, облыс аумағында 562 демалыс базасы бар, оның 76-сы су нысандарында.