Өскеменде жоғалған қызды іздеуге атсалысқан 10 жастағы балалар марапатталды
Алғыс ретінде оларға грамоталар мен сыйлықтар табыс етілді
Өскеменнің сол жағалау полиция бөлімінде Саян Төлеуханов пен Нұрәлі Манарбекті марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Алтайньюс.
10 жастағы ұл балалар жоғалған 14 жасар қызды іздеуге белсене қатысып, оны қайдан көргендері туралы уақытылы хабарлап үлгерген.
«Ұлдар өздерінің жастарына қарамастан көмектерін аяп қалмады. Олар полиция қызметкерлерімен және еріктілермен бірге бірнеше күн бойы жоғалған 14 жасар қызды іздеді. Олардың қамқорлығы мен батылдығы үшін рахмет, ал ата-аналарына ұлдарын лайықты тәрбиелегені үшін ерекше алғыс айтқым келеді», - деді жігіттермен кездесуде сол жағалаудағы полиция бөлімінің бастығы Рауан Шибутов.
Алғыс ретінде подполковник Рауан Шибутов оларға грамоталар мен сыйлықтар табыс етті.