Қапшағайда кафе күзетшілерін ұрған полиция қызметкерлері жұмыстан қуылды

Автор: Azattyq Rýhy

Кафеде бұзақылық жасаған 4 полицей Қапшағай қаласындағы органда жұмыс істеген

көрнекі фото

Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі Қапшағай қаласындағы «Delmare» кафесінің күзетшілеріне қол көтерген полиция қызметкерлерінің жұмыстан қуылғаны туралы ақпаратты растады. Ведомствоның мәліметіне сәйкес, кафеде бұзақылық жасаған 4 полицей Қапшағай қаласындағы органда жұмыс істеген.

Аталған фактіге сәйкес ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Еске салайық, бүгін әлеуметтік желіде ішімдік ішкен Қапшағай полицейлерінің кафе күзетшілерін ұрғаны туралы ақпарат тарады. Желідегі жазбаға сенсек, кафе күзетшісі демалыс орнының жабылатын уақыты болғанын айтып, бірнеше рет ескерту жасаған. Бұл жайт тәртіп сақшыларына ұнамай, жанжал басталған. Артынан кафе күзетшілерін ұрған.