Елордада жұмысшылар арасында жаппай төбелес болды

Автор: Azattyq Rýhy

Төбелеске қатысқандардың бәрі анықталды

скриншот: видео

Нұр-Сұлтан қаласындағы құрылыс алаңдарының бірінде жұмысшылар төбелес шығарды. Қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, төбелестің видеосы әлеуметтік желіде анықталған.

«Оқиға 6 тамызда күндіз Қалдаяқова көшесіндегі құрылыс алаңында болғаны анықталды. Құрылысшылар арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан», - деді Полиция департаментіндегілер.

Ведомствоның мәліметінше, оқиғаның қатысқандардың бәрі анықталып, тергеу үшін полиция бөліміне жеткізілген. Бұл жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.