Павлодар облысында жол апаты болып, жаяу жүргінші қаза тапты
Жыл басынан бері облыс аумағында болған жол-көлік оқиғалары салдарынан 20 адам көз жұмды
Павлодар облысында жол апаты болып, жаяу жүргінші қаза тапты. Қайғылы жағдай Ақсу қаласына қарасты Алғабас ауылы маңындағы Ленин - Русская Поляна автожолында болған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
«10 тамыз күні сағат 21.10-да " Mercedes-Benz" автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 46 жастағы жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Автокөлік айып тұрағына қойылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізіліп жатыр», - деді Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Айта кетейік, осы жылдың басынан бері облыс аумағында 278 ЖКО тіркелген, салдарынан 20 адам қаза тауып, 410 адам жарақат алған. Оның ішінде жаяу жүргіншілердің қатысуымен 88 ЖКО тіркелді: 5 адам қаза тапты, 85 адам түрлі жарақат алды.