Кішкентай қыз үйдің жертөлесінде ойнап жүргенде есік жабылып қалған
Өскемендік құтқарушылар Куленов кентіндегі үйлердің бірінің жертөлесінде қамалып қалған қызға көмек көрсетті, деп хабарлайды Semey News.
10 тамызда ШҚО ТЖД арнасына Куленов кентіндегі Дружба Народов көшесі бойында орналасқан үйлердің бірінің иесі жүгініп, қамалып қалған кішкентай қызын шығаруға көмек сұраған.
«Үй жертөлесінде кішкентай қыз ойнап жүргенде есік жабылып қалған. Ата-анасының шақыртуына ШҚО ТЖ арнайы жасағының құтқарушылары жедел жетті. Арнайы құралдардың көмегімен терезедегі торды бұзып, жертөленің терезесі арқылы орынжайға кіріп, есікті ішінен ашты»,- деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметінде.