Әйел адамның сөмкесінде 60 мың теңге қаражаты болған
Атырауда әйел адамға күш көрсетіп, сөмкесін тартып алған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырауда 26 жастағы ер адам 45 жастағы әйел адамға күш көрсетіп, сөмкесін тартып алып, ұялы телефонын сындырған. Әйел адамның сөмкесінде 60 мың теңге қаражаты болған.
«Полиция тергеу барысында 45 жастағы әйел адам мен күдікті бір-бірін танымаса да, вокзал маңындағы ықшамауданнан «Нұрсая» ықшамауданына бірігіп такси жалдап келгенін анықтады. Сөмкеде ақша барын байқаған күдікті әйел адаммен қатарласа түсіп, арам ойын іске асырып, оқиға орнынан қашып кеткен. Алайда полиция қызметкерлері қылмыскерді «ізін суытпай» анықтап, ұстады», - делінген ПД хабарламасында.
Сондай-ақ 26 жастағы күдіктінің әйел адамды жерге жығып, күштеп сөмкесін тартып алған сәті сол жердегі мейрамханалардың бірінің бейнебақылау камерасына түсіп қалған.