10.08.2021, 08:56
Оқиғалар
ШҚО аудандарының бірінде дала шөбі өртенді
Өрт кеше түскі сағат 14:00 шамасында басталған
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында өрт сөндірушілер дала өртімен күресуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Semey News-ке сілтеме жасап.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Күршім ауданындағы ашық алаңдаңдағы шөптің өртенуі кеше түскі сағат 14:00 шамасында басталған. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер тілсіз жаумен күресуде. Өрт әп-сәтте 40 га алаңға шарпыды.
«Өртпен күресуге ШҚО ТЖД жеке құрамынан 13 адам, 2 бірліктегі техника және орман шаруашылығынан 11 адам, 3 бірліктегі техника, жергілікті атқарушы органнан 1 су тасығыш, 2 трактор және 25 тұрғын жұмылдырылды», – деп мәлімдеді баспасөз қызметінде.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды