$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.08.2021, 00:54
Оқиғалар

Шымкенттік полицейлер 80 адам жиналған тойды тоқтатты

Сондай-ақ мейрамхана қызметкерлері келушілерге маскасыз қызмет көрсеткен

Шымкенттік полицейлер 80 адам жиналған тойды тоқтатты

Шымкенттік полицейлер 80 адам жиналған тойды тоқтатты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Еңбекші ауданының полицейлері К.Тленшин көшесі №1/1 үй мекенжайында орналасқан «Олжа» тойханасы карантиндік талаптарды бұзып, сенбі күні сағат 13:00-де 80-нен астам қонақ шақырылған мерейтой өткізіп жатқанын анықтады.

Сонымен қатар қызметкерлер келушілердің дене қызуын тексермей кіргізіп, оларға медициналық бетпердесіз қызмет көрсеткені де белгілі болды.

Аталған жайт бойынша жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.

Серіктес жаңалықтары