Жыл басынан бері жол апатынан 1 мыңнан астам қазақстандық қаза тапқан
Жыл басталғалы еліміз бойынша 7 мыңнан астам жол-көлік апаты тіркелген
Жыл басталғалы республикалық маңызы бар жолдарда 7 мыңнан астам жол-көлік апаты тіркелген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Жол апаты салдарынан 1 мыңнан астам адам қаза тапқан. Бұл туралы бүгін Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов онлайн брифингте айтты.
Жалпы, жолдағы ережеге бағынбау, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 60 пайызға артыпты.
«Жол қауіпсіздігін айқындайтын фактор жүргізушілердің жолдағы тәртібі болып қалуда. Осы жылы 4 млн-ға жуық жол жүру қағидасын бұзушылық анықталды. Оның ішінде 1,4 млн-ы жылдам жүрген, мыңға жуығы жол белгілерін бұзғандар», - ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов.
Сондай-ақ, әрбір үшінші жол-көлік оқиғасына жаяу жүргіншінің қатысы бар. Демек, жаяу жүргіншілердің тәртібіне қатысты проблема бар дейді С. Түсіпов.
Жалпы, биыл 13 мыңнан астам жүргізуші автокөлікті мас күйінде басқарғаны үшін ұсталса, 10 мыңнан астам адам көлік жүргізу құқығынан айрылған.