Ақсу қаласында жаппай төбелес болды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиғаға тұрмыстық жанжал себеп болған

2021 жылғы 6 тамызда әлеуметтік желілерді мониторинг жүргізу кезінде жастар арасындағы төбелес фактісі анықталды. Аталған факті тіркеуге алынып, барлық қатысушылар ұсталды.

Оқиға 4 тамыз сағат 22:40-та Ақсу қаласы Х.Доспанов көшесінде болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиғаға тұрмыстық жанжал себеп болған.

«Қару қолданылмаған. Қатысушылардың бірде-біреуі дене жарақатын алған жоқ, сондай-ақ олардың бір-біріне наразылығы жоқ, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Аталған факті бойынша полицияға және медициналық көмекке ешкім жүгінген жоқ. Бұзақылық фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Мән-жай анықталып жатыр.