Алматы облысында безбүйрек ана жаңа туған екі баласын сатып жіберген

Автор: Azattyq Rýhy

Әйелдің кінәсі дәлелденіп, ол 5 жылға бас бостандығынан айырылды

Фотог: ашық дереккөзден

Алматы облысында безбүйрек ана жаңа туған екі баласын сатып жіберген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы облысы Ішкі істер депатаментінің мәлімдеуінше, полиция бұл туралы әйелдің ата-ана құқығынан айыру туралы азаматтық істі қарау кезінде білген. Тәртіп сақшылары әйелдің баланы үшінші тұлғаларға беруге тырысқанын анықтады.

«Тексеру кезінде әйелдің перзентханадан шығарылғаннан кейін заңсыз түрде баланы рұқсатсыз бергені анықталды», – деді полиция.

Белгілі болғандай, келіншек бұрындары ауруханадан шыға сала баланы Қазақстаннан шығаруға рұқсат етіп, белгісіз әйелге сенімхат берген.

«Күдіктіге қатысты жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша Қылмыстық кодекстің 135-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», – делінген полиция хабарламасында.

Тергеу барысында күдікті өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтты.

Алматы облысының №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азамат К. -ны кінәлі деп таныды. Ол 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Келіншектің басқа балалары 14 жасқа толғаннан кейін жаза күшіне енеді.

Қазақстанда Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар алғашқы тіркеуге қойылады. Олар туралы ақпарат жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды алғашқы тіркеу реестрінде тіркеледі, содан кейін баланы патронаттық тәрбиеге берудің белгілі бір тәртібі жүргізіледі.