Күдіктінің бұрын бірнеше рет сотталғаны белгілі болды
Маусым айының соңында түскі ас кезінде Бесқарағай аудандық полиция бөліміне 29 жастағы әйел жүгініп, 2021 жылдың 29 сәуірінде 30-40 жас шамасындағы белгісіз әйел үйдің құжаттарын ресімдеймін деген сылтаумен алдап, үй иесі мен құжаттарын суретке түсіріп алғанын хабарлады. Кейін оның атына 597 мың теңге сомасында несие рәсімдегені мәлім болды.
Бесқарағай АПБ жедел-тергеу тобының қызметкерлері алаяқтыққа қатысы бар деген күдікпен Семей қаласының 41 жастағы тұрғынын анықтаған. Күдіктінің бұрын бірнеше рет сотталғаны белгілі болды.
Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.