Елордада кәріз құдығында өлген жасөспірімнің ісі бойынша үкім шықты
Марқұмның анасы сот үкімімен келіспей отыр
2019 жылдың ақпанында 13 жастағы Бағдәулет Өмірхан Железнодорожный тұрғын алабындағы ашық тұрған кәріз құдығына құлап кетіп, сол жерде бірнеше күн жатты. Кейін бала өлі күйінде табылды.
AstanaTV тілшісінің хабарлауынша, Нұр-Сұлтан қалалық 13 жастағы жасөспірімнің өліміне қатысты үкім шығарды. Люктің ашық қалуына жол берген учаске бастығы Владимир Власенко абайсызда кісі өліміне себепші болғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сот шешімі бойынша Владимир Власенко қайтыс болған баланың анасына 4 миллион теңге төлеуге тиіс. Сондай-ақ «Астана Су Арнасы» компаниясы тағы 6 миллион теңге моральдық шығын төлейді.
Алайда, марқұмның анасы сот үкімімен келіспейді. Ол кінәлілердің түрмеге отыруын қалайды, сондай-ақ 50 миллион моральдық шығын төлеуді сұрады. Бағдәулеттің анасы үкімге шағымданбақ.