Алматыда сел жүріп, туристік нысанға барар жолды жауып қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Мамандар аталған маршрутпен жүрмеуді ескертті

Көрнекі фотосурет

Алматы қалалық Құтқару қызметінің мәліметінше, Сол жақ Талғар асуына Аристов шатқалы жақтан апаратын жол сел жүруіне байланысты жабылып қалған.

Ведомствоның мәліметінше, 27 шілдеде Сол Талғар асуында сел жүрген. Оның салдары туристер үшін әлі қауіпті. Әсіресе, Үлкен Алматы көлінен «Большая Алматинская кругосветка» маршруты бойынша жол жабылған.

«Өзіңіздің қауіпсіздігіңіз үшін тауда сақтық шараларын сақтаңыз. Өзендер мен шатқалдардың бойымен жүрмеңіз. Өтінеміз, өзіңіздің және сізге ерген адамдардың өмірі үшін жауапты болыңыз», - делінген ведомство таратқан хабарламада.