Жантүршігерлік апат Ақтөбе облысында болған
Самара – Шымкент тас жолында 11 көлік соқтығысып, 9 адам зардап шекті, бесеуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жол апаты 21 желтоқсанда күндіз Ақтөбе облысында Самара – Шымкент тас жолының 859 шақырымында болды.
«11 автокөлік, соның ішінде екі жүк көлігі, сегіз жеңіл автокөлік және бір газель соқтығысты. Жол апаты салдарынан 9 адам зардап шекті, олардың бесеуі Хромтау қаласының ауруханасына жатқызылды», - деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметі.