Ақсуда 22 жастағы жігіт суға батып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Қайғылы жағдай кеше Белая өзенінде болған

Фото: ашық дереккөзден

2 тамызда Ақсу қаласына қарасты Еңбек ауылының маңындағы Белая өзеніне ер адам батып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 1999 жылы туған ер адам өзеннің шомылуға рұқсат етілмеген аумағында суға түскен.

«Тұрғындарды жабдықталмаған жерлерге шомылмауға, суға спирттік ішімдік  ішпей, есірткі заттарын пайдаланбай түсуге, балаларды қараусыз қалдырмауға шақырамыз.
Есіңізде болсын, сіздің өміріңіз бен балаңыздың өмірі бірінші кезекте сіздің қолыңызда», - деп еске салды Ақсу қаласының төтенше жағдайлар бөлімі.