Шығыс Қазақстанда жүк көлігі өртеніп кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Жыл басынан бері Шығыс Қазақстанда 104 көлік өрті тіркелген

1 тамызда «Семей-Көкентау» тас жолында жүк көлігі өртенді, деп хабарлайды Semey News.

2012 жылы шығарылған «Шансиман» маркалы жүк көлігінің қозғалтқыш бөлігінде өрт болып, алдыңғы доңғалаққа және көлік кабинасына тараған. Оқиға орнына келген құтқарушылармен 6 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді. Алдын ала болжамдар бойынша өрттің шығуына жоғарғы қауіптегі қондырғылармен ұқыпсыз жұмыс істеу себеп болған.

Дәл осындай себептермен 2 тамызда Күршім ауылында 2011 жылы шығарылған «УАЗ» көлігі өртенді. Өрт сөндірушілермен 10 шаршы метр алаңдағы от сөндірілді.

Жыл басынан бері Шығыс Қазақстанда 104 көлік өрті тіркелген.