Нұр-Сұлтанда үш күнде 60-қа жуық нысан карантин талаптарын бұзғаны үшін жауапқа тартылды

Автор: Azattyq Rýhy

Елордадағы эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз

Елорданың мониторингтік топтары кәсіпкерлік нысандары арасында карантин бұзушыларды анықтауды жалғастыруда. Күн сайын олар 100-ден астам мекемені тексереді, олардың арасында ондаған нысанда санитарлық нормалардың бұзылғанын анықтайды. Өткен жексенбіде шектеу шараларын сақтамағаны үшін 12 нысан әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Алматы ауданының мониторингтік топтары 1 тамызда «Какие люди» барында, «Анкара» түнгі клубында және «Сова» караоке клубында карантин бұзылғанын анықтады.
Сарыарқа ауданында "Food mix" кафесінде, "Eliks" кафесінде, "Элитная" моншасында және "Bruno" ресто-барында карантин талаптары сақталған жоқ.

Есіл ауданында карантиндік шектеулерді бұзған 5 мекеме анықталды. Олар: "Teqila" лаундж-бары, "Adagio" караоке-бары, "InForno" ресто-бары, "VZЛЕТНЫЙ" және "Слезы моих бывших" кафелері. Бұл мекемелер демалыс күндері жұмыс істеуіне тыйым салынғанына қарамастан, келушілерді қабылдады. Оның үстіне іште әлеуметтік қашықтық және бетперде режимі сақталған жоқ.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар әкімшілік шаралар қабылдау үшін санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға берілді.

Айта кету керек, өткен демалыс күндері 30 шілде мен 1 тамыз аралығында 58 ойын-сауық мекемесі карантинді бұзушылар тізіміне енген. Сонымен қатар, жұмыс істеуіне тыйым салынғанына қарамастан кейбір дәмханалар мен мейрамханалар есігін жауып алып, ондаған адамның қатысуымен қыз ұзату, туған күн және мерейтой өткізді.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз. Тәулік сайын қалада КВИ жұқтырудың 1300-ден астам жағдайы анықталуда, коронавирустың орташа және ауыр ағымы бар 300-ге жуық адам аурухана төсектеріне түседі. Осыған байланысты елорда тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандары санитарлық нормаларды және карантин режимінің талаптарын мүлтіксіз сақтауы, адам көп жиналатын орындардан аулақ болуы тиіс.

Шектеу шараларын сақтамау және оған тиісті деңгейде қарамау коронавирус індетінің өршуіне жеткізеді.