Павлодар облысында 8 млн теңгенің малын ұрлаған тұрғын ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ұрлықшы дала алқабынан 107 бас қой ұрлаған

Ер адамға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-1-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аудандық полиция бөліміне шаруа қожалығының басшысы жүгініп, өзіне тиесілі 107 бас қойды белгісіз біреудің еркін қол жеткізу арқылы Шақат ауылы маңындағы дала алқабынан ұрлап кеткенін айтқан. Иесіне келтірілген залал 8 000 000 теңгеден астам соманы құрайды.

«Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері Шарбақты ауданының тұрғынын анықтап, ұстады. Ол қойларды бақылаусыз бағып отырған сәтті пайдаланып, еркін жайылымнан 107 бас ұрлады деген күдікке алынды. Мал ішінара тәркіленді», - деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Жасқайрат Қайыров. 

Полиция мал иелерінің ұқыпсыз қарым-қатынасы көбінесе қайғылы салдарға әкелетінін айтады. Өйткені мал көбінесе қаскүнемдердің қылмыстық әрекетінің объектісіне айналып, жол-көлік оқиғаларына себеп болады.