Өскемен тұрғыны екі баласын далада қалдырып кеткен

Автор: Azattyq Rýhy

Дәрігерлер балалардың аш болғанын айтады. Олар бірнеше сағат далада болғандықтан, қатты тоңған. Оның үстіне денелерінде күйік іздері табылды

Фото: sputniknews.kz

Өскемен қаласында денесі күйіп, әбден тоңған ағасы мен қарындасы ана мен бала орталығына түсті. Оларды аналары далада қалдырып кеткен. Ал денедегі күйіктері өгей әкелерінің ісі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап. 

9 жастағы Данил анасына қайта оралмайтынын айтқан. Бала ДЦП дертіне шалдыққан, жүре алмайды. Ал қарындасы бір жарым жаста. Балаларды туған анасы бірнеше сағат бойы далада ұмытып кеткен. Көршілері дабыл қағып, полиция шақырды. 

Дәрігерлер балалардың аш болғанын айтады. Олар Қатты тоңған. Алайда дәрігерлер балалардың денесіндегі күйік іздерін көріп бұдан бетер шошыған. Данилдың айтуынша, өгей әкелері темекісін балалардың денесіне сөндірген. Қазір балалар ем қабылдап жатыр. Медициналық орталық дәрігерлері полицияға хабарласты. Іске қалалық қоғамдық кеңес те араласты. Олар балаларды отбасына қайтару қылмыс деп отыр. 

«Бұл расымен де жантүршігерлік оқиға. Әрине, біз тиісті шараны қолға аламыз. Балаларды мамандандырылған үйге тапсыру қатысты өтініш жазамыз», - деді Өскемен қаласы денсаулық сақтау жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Татьяна Чернышова.

Тегтер: