Бұл қылмысты жас балалардың анасының өзі жасағаны анықталды
Еске сала кетейік, былтыр қарашада Павлодарда пәтерден үш бала мен анасының денесі табылды. 9 қараша күні сағат 12:00-де полицияға ер адамнан Айманов көшесі, 2 мекенжайы бойынша орналасқан үйдегі пәтерден төрт адамның денесі табылғаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы пәтер иесі үйге оралғаннан кейін есікті аша алмағанын анықтады, өйткені есік ішкі жағынан жабылған. Көршілерден құралды алып, есікті ашқан.
Пәтерге кірген кезде бөлмелердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар жұбайының және үш баланың (2013, 2015 және 2017 жылдары туған) денесін көрген.
Ерлі-зайыптылар бірге тұрған, балалары ортақ некеден туған. Пәтерде тәртіп бұзылмаған. Полицияны жолдасы шақырған.
Pavlodarnews.kz порталының хабарлауынша, бұл іс Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабының 1-бөлігі 11-тармағының негізінде тоқтатылды.
«ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Іс бойынша жиналған дәлелдемелерді ескере отырып, бұл қылмысты жас балалардың анасының өзі жасағаны анықталды», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінде.