40 жастағы әйел жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылды
Ол мұндай қадамға жолдасымен ұрысып қалған соң барған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Химқалашығы шағын ауданындағы жаяу жүргіншілер көпірінен секірмек болған әйел туралы хабарлама «102» операторына 26 шілдеде сағат 18:50-де түскен.
«Көрсетілген орынға патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторы Медхат Жылқыбаев келді. Ол өмірден үміт үзген әйелді сөзге тартып көрді. Полиция қызметкері бірнеше минуттан кейін жарық дүниемен қош айтысуға бел байлаған әйелді райынан қайтарды», - делінген облыстық полиция департаментінде.
Павлодарлық тұрғын күйеуімен болған жанжалдан кейін көпірден секірмек болғанын айтты. 40 жастағы әйел жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылды.