ШұғылӨткен тәулікте 3000-ға жуық адамнан КВИ анықталды

Бір жыл ішінде адам саудасы фактісімен 258 іс тіркелген

Еліміз бойынша 116 16 сенім телефоны жұмысын бастады

Өткен жылғы статистика бойынша елде адам саудасы фактісімен 258 іс тіркелген. Жәбірленушілердің басым бөлігі ер адамдар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы дағдарыс орталықтары одағының адам саудасына қарсы күрес туралы онлайн брифингінде айтылды. Күдікті шақыртулар көп жағдайда Қытай, Корея, Түркия және Еуропа елдерінен түседі екен.

Сарапшылардың бағамы бойынша әлемде екі жарым миллионға жуық адам қазіргі заманғы құл алып-сатушылардың қолында. Жыл сайын мыңдаған ер азаматтар, әйелдер мен балалар өз елдеріндегі және шет елдердегі адам саудалаушылардың қолына түседі. Осындай қылмыстардың алдын алу мақсатында, 30-шілде - Бүкіләлемде адам саудасына қарсы күн болып бекітілді. Ал еліміз бойынша 116 16 сенім телефоны жұмысын бастады.

«Қазір республикалық жобаны іске асыру мақсатында, біздегі 11 қалада үкіметтік емес ұйымдардың серіктестері жұмыс істейді. Олар адам саудасының құрбаны болғандарға көмектеседі. Статистикаға тоқталатын болсақ жыл сайын, мысалы 2019-2020-жылдар аралығында 258 адам адам саудасының құрбаны болып тіркелген. Оның оның 80 пайызы ер азаматтар. Демек, адам саудасының құрбаны болатындардың дені ерлер», - деді «Сана Сезім» әйелдер бастамалары құқықтық орталығы» ҚБ директоры Шахноза Хасанова.