5 жасар қызын өлтірген Орал тұрғыны түрмеде отырмайтын болды

Автор: Azattyq Rýhy

Әйел өзінің не істегенін әлі білмейді

Фото: видеокадр

Оралда 5 жасар қызын аяусыз өлтіріп алған әйелді сот психикалық ауруханаға жіберді, деп хабарлайды   Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Сот 36 жастағы Зәмзәгүлді түрмеден босатып, оны есі дұрыс емес деп танып, ұзақ мерзімді мәжбүрлеп емдеуге үкім шығарды.

12 желтоқсанда саяжайда Зәмзәгүл 5 жасар қызымен үй тапсырмасын жазып отырған. Қыздың ұйқысы келіп, жылай бастағанда әйел оның тамағына жармасып, тұншықтырып тастаған. 10 минуттан кейін қыз қайтыс болды.

Оқиға бойынша «Кәмелетке толмаған адамды өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотта айыпталушының анасы қызының 17 жаста болғанда, мінез-құлқының ауытқитынын байқағанынын, бірақ оған назар аудармаған айтты. Зәмзагүл емделмеген, ол тіпті бірнеше жыл жұмыс та істемеген.

Сот-психиатриялық сараптама нәтижесі бойынша өз қызын өлтірушіге «шизофрения» деген диагноз қойды: ол өзі не істегенін әлі білмейді.