Қарағанды тұрғындары жиын өткізбек болған ЛГБТ мүшелерін ғимараттан қуып шықты (ВИДЕО)

Автор: Azattyq Rýhy

Қозғалыс белсенділері Қарағанды облысынан кетіп қалды

Қарағандыда жиналыс өткізбек болған ЛГБТ өкілдерін жергілікті жұрт айқай-шумен қуып шықты. Алайда, полицияның араласуымен қақтығысқа жол берілген жоқ деп хабарлайды Polisia.kz.

ЛГБТ белсенділері Қарағандыға 28 шілде күні келіп, жергілікті жақтастарымен жиын өткізбек болған көрінеді. Алайда, бұған наразылық танытқан жұрт жалға алынған ғимараттың алдына келіп, олардың кетуін талап етті.

Жағдайдың ушығуына жол бермеу үшін тәртіп сақшылары шеп құрып, ЛГБТ белсенділерін ғимараттан шығарып, қауіпсіз жерге шығарып салды. Қазіргі уақытта қозғалыс белсенділері Қарағанды облысынан кетіп қалды.