Апат салдарынан Nissan-дағы 46 жастағы жолаушы қаза тапты
Шығыс Қазақстанда жол апатынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Алтайньюс.
Облыстық полиция депаратменті 26 шілде сағат 22:00 кезінде Семей-Өскемен трассасында болған оқиға туралы мәлімдеді.
«Nissan Almera маркалы көлік тізгініндегі жүргізуші алдыңғы көлікті басып озбақ болып, Audi-мен соқтығысқан», – деп мәлімдеді департамент.
Апат салдарынан Nissan-дағы 46 жастағы жолаушы қаза тапты. Ал жүргізуші мен екінші жолаушы ауруханаға жеткізілді.
Қазір Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі (абайсызда адам өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.