Жас жігіт су құбырларын тартып жатқанда көз жұмды
Қайғылы оқиға Екібастұз қаласына қарасты Марғұлан ауылында болған, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 26 шілде күні сағат 15.40-та ЖШС-нің 19 жастағы жұмысшысын құм басып қалған.
«Жігіт су құбырларын тартып жатқан», - деді ведомстводағылар.
Ер адам оқиға орнында қайтыс болды. Аталмыш фактіге қатысты сараптама тағайындалды.