27.07.2021, 09:44
Оқиғалар
Түркістан облысында зейнеткер әйел ұялы телефон ұрлап ұсталып қалды
Полицейлер оны бейнебақылау камерасы арқылы ұстаған
Көрнекі фото
Отырар ауданында полицейлер ұялы телефон ұрлады деген күдікпен зейнеткер әйелді ұстады деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тәртіп сақшыларына дүкенде сатушы болып жұмыс істейтін әйел шағымданып келген. Ол сөреде тұрған Nokia маркалы телефонының қолды болғанын айтқан. Оқиға орнына келген полицейлер бейнебақылау камерасын қарап, күдіктінің кім екенін тез анықтаған.
Жедел іздеу шаралары барысында телефонды ұрлады деген әйел өз үйінен ұсталды. Ол өзіне тағылған айыпты мойындап, иесіне ұрланған затты қайтарып берген. Қазіргі таңда зейнеткердің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша іс қозғалды. Ол қолхатпен үйіне жіберілген.
Көп оқылған
20.10.2026, 14:03
Балаларынан қол үзбей, несиесін өзі төлеген: Жауғаштыда түрмеде жатқан әйел бостандыққа шықты (ВИДЕО)
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
20.10.2026, 15:25
Екі айға қамалған: Жамбыл облысында есірткімен ұсталған ресейлік рэпер бір апта өтпей босап шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды