$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.07.2021, 02:46
Оқиғалар

Павлодар облысында екі күнде 4 адам суға батып кетті

Көз жұмғандардың арасында алты жасар бала да бар

Павлодар облысында екі күнде 4 адам суға батып кетті
Фото: alau.kz

Өткен демалыс күндері Павлодар облысында төрт адам суға батып кетті. Оның біреуі алты жасар бала, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл суыт хабарды Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Павлодар облысы ТЖД бастығының орынбасары Мейрамбек Батырқұлов жеткізді.

«Өткен демалыс күндері Павлодар облысында төрт адам, оның ішінде бір бала суға кетті. Қайғылы оқиғалар адамдардың тыйым салынған орындарда суға түсуі, қайықтарда құтқарушы жилеттерсіз отыруы, суға мас күйде түсіп, балаларды қараусыз қалдыруы салдарынан болды», - деді М. Батырқұлов. 

Қайтыс болған бала 2015 жылы туған еді. Ол Екібастұздан 20 шақырым жерде орналасқан Қ. Сәтбаев атындағы каналында үлкендердің қарауынсыз, ағасымен және әпкесімен бірге суға түскен. Ол жерде шомылуға тыйым салынған.

«Саяжайда жүрген ата-аналар балаларды каналға жіберген болса керек. Ал бұл маңда канал суға кіргеннен терең болып келеді. Бала суға кіре бергенде тайып бірден тереңдікке түсіп кеткен. Ал ағасы шошып, інісін алып шыға алмаған. Өлген баланы судан саяжайдағы көршілері алып шыққан», - деді ол.

Жалпы каналдың тереңдігі екіден бес метрге дейін жетеді. Бұл маңда оның тереңдігі 1,5 метр шамасында болған. 

Павлодар облысында жылдың басынан бері 15 адам суға батты. Былтыр суда 11 адам көз жұмған еді.

Серіктес жаңалықтары