$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.07.2021, 00:13
Оқиғалар

Алматы тұрғыны 13 жастағы өгей қызын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Жасөспірімінің денесі 23 шілде күні Талғар қаласындағы жеке үйлердің бірінен табылған

Алматы іргесінде 13 жастағы қызын өлтірді деген күдікпен өгей әке қамауға алынды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Берікқызы онлайн-брифингте  мәлімдеді, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Зорлық-зомбылық белгілері бар жасөспірімінің денесі 23 шілде күні Талғар қаласындағы жеке үйлердің бірінен табылған.

«Белгілі болғандай, ер адам қыздың анасымен азаматтық некеде тұрған екен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында оқиға орнынан жасырынған күдіктіні Алматы қаласының аумағында Алматы облысының криминалдық полиция қызметкерлері ұстады.Қазіргі уақытта ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деді ҚР Ішкі істер министрілігінің өкілі Шұғыла Берікқызы.

Министрліктің мәліметіне сүйенсек, ел ішінде кәмелетке толмағандарға жасалатын қиянаттың 70%-дан астамын балалардың жақын адамдары, яғни өгей ата-аналары, туыстары, көршілері, таныстары жасайды. Осыны еске салған мамандар, балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

Ересектердің жауапсыздығынан Нұр-Сұлтанда өткен тәулік ішіне 3 бала көпқабатты тұрғын үйлердің терезесінен құлап кеткен. Оның бірі көлік үстіне түскен. Полицияның дерегінше, баланың анасы демалыс орнына тынығуға кеткен. Ал балғынды бала күтушіге қалдырған көрінеді. Бала күтушісі ұйықтап кеткен сәтті пайдаланып, бүлдіршін терезе алдына шыққан.

Айта кетейік, елордада жыл басынан бері 18 бала көпқабатты үйлердің терезесінен құлап, бір бала мерт болды.

Серіктес жаңалықтары