Ақтөбе тұрғыны көлігінің ішіне бензин құйып, өзін-өзі өртемек болды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға 18 шілде күні болған

Ақтөбе тұрғыны көлігінің ішіне бензин құйып, өзін-өзі өртемек болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК-ға сілтеме жасап. 

Ақтөбе облыствқ ТЖД кезекші-диспетчерлік пультіне полиция қызметкерлерінен хабарлама түсті. Ақтөбе қаласының тұрғыны «Лексус 350» маркалы жеке автокөлігінің салонына бензин құйып, есіктерін құлыптап, өзін-өзі өртемек болды. 

Оқиға 18 шілде күні сағат 20:23-те тіркелді.

«Шақырту орнына шұғыл түрде 8 адам және 2 техника жіберілді. Оқиға орнына келген бойда өрт сөндіруші-құтқарушылар, азаматтық қорғау кіші сержанттары Т.К. Сырымбетов пен А.Р. Омаров машинаның артқы әйнегін сындырып, ал басқа құтқарушылар көбік шашты. Осылайша жедел әрі тиянақты әрекет ету нәтижесінде 1983 жылы туған тұрғын құтқарылды»,- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.