Түркістан облысында екі жасөспірім тау басына шығып, өздігімен түсе алмай қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Оларды құтқаруға 8 адам мен 2 техника жұмылдырылған

Түркістан облысы Төлеби ауданындағы Біркөлік тау шатқалына барған 2 жасөспірім тау басына демалуға көтеріліп, өздігімен түсе алмай қалған. Балалар «112» номеріне өздері хабарласып, құтқарушыларды шақыртыпты.

Құтқарушылар оқиға орнына дереу жеткен. Балаларды жерге түсіріп алуға 8 маман мен 2 техника жұмылдырылыпты. Екеуі де дін-аман.

Еске салайық, осыдан бірер ай бұрын Түркістан облысындағы Сайрам-Өгем тау шатқалында 7 студент жоғалып кеткен болатын. Іздеу жұмыстары барысында олардың үшеуі аман табылып, төртеуінің қайтыс болғаны анықталды.