Шымкентте 60 адам жиналған той тоқтатылды

Автор: Azattyq Rýhy

Сонымен қатар мекеме жұмысшылары келген қонақтарға маскасыз қызмет көрсеткен

Шымкенттік полицейлер 60 адамдық тойды тоқтатты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Еңбекші ауданының полицейлері Тәуке хан даңғылы бойында орналасқан мейрамхананың карантиндік талаптарды сақтамай, той өткізіп жатқанын анықтады. Аталған тойхана эпидахуалға қарамай, 60 адамға арналған “Жүзік салу” тойын өткізгені белгілі болды. Сонымен қатар мекеме жұмысшылары келген қонақтардың дене температурасын тексермей кіргізіп, оларға медициналық бетпердесіз қызмет көрсеткен.

Аталған жайт бойынша мекеме әкімшісі мен той иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.