Қайғылы оқиға Жібек жолы көшесіндегі шиномонтаж шеберханаларының бірінде болған
Павлодарда шеберханада шина жарылып, ер адам көз жұмды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
"16 шілде күні сағат 13.00-де жүк автокөлігінің дөңгелегін ауыстыру кезінде шина жарылған. 38 жастағы қызметкер алған жарақаттарынан оқиға орнында жан тапсырды", - дейді облыстық полиция департаментінде.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 156-бабы 3-бөлігіне сәйкес «абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.