Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
18 желтоқсанда «Самара-Шымкент» тасжолының 928 шақырымында Форд-фокус жеңіл автокөлігінің тізгінінде болған Ресей Федерациясының азаматы Қырғызстан азаматының басқаруындағы Volvo жүк автокөлігімен соқтығысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицейлердің айтуынша, Ресей азаматы жолдың тайғанақ учаскесінде метеорологиялық жағдайды ескермей, қарсы жолаққа шығып кеткен.
Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде Форд-фокус автокөлігінің жолаушысы Хромтау ауданының орталық ауруханасына жеткізілді. Ал, жүргізуші алған жарақаты салдарынан оқиға орнында көз жұмды.
Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.