Павлодар облысында жол апаты болып, жүргізуші қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Жол-көлік оқиғасы Павлодар – Омбы автожолында болған

Фото: ашық дереккөзден

Павлодар ауылының жанында жүргізуші жол апатынан көз жұмды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 шілде күні сағат 01.25-те Павлодар ауылының жанында «Лада Веста» маркалы автокөлігі «УАЗ» маркалы автокөлігімен соқтығысқан. 

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан «УАЗ» автокөлігінің 31 жастағы жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші жарақат алып, Павлодар қаласының ауруханасына жатқызылды. Автокөліктер айып тұрағына қойылды", - деді департаментте.

Аталмыш фактіге қатысты тексеру жүргізілуде.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Омбы тас жолында жол апатынан зардап шеккен үш адам туралы хабарлады. Олардың бірі - 1991 жылы туған ер адам нейрохирургиялық бөлімшеге жатқызылған.

"Ер адамда ашық бас сүйек-ми жарақаты, мидың контузиясы және  төбе желке сүйегінің сынуы тіркелді", - деп нақтылады облыстық денсаулық сақтау басқармасында.

1996 және 1994 жылы туған зардап шеккен екі ер адамға медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне амбулаториялық бақылауға жіберілді.