Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда
Ақмола полицейлері оқиға орнында кабель ұрлаушыларды ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Біржан сал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен кәсіпорындардың бірінде мыс өнімдері ұрлығы ашылды. Залалдың жалпы сомасы 5 млн теңгеден асады. Бұған дейін полицияға кәсіпорын әкімшілігінің «М-95» маркалы жерге тұйықталмаған мыс кабелін жүйелі түрде ұрлап жүрген белгісіз тұлғаларға қатысты шара қолдану туралы мәлімет келіп түскен.
«Бірнеше ай бойы полиция күдіктілерді бақылап отырды. Жедел іс-шаралар нәтижесінде бірнеше рет жасалған қылмыстардың мән-жайы құжатталған. Күдіктілер тағы бір мыс бұйымдарын ұрлау кезінде қолға түсті», - делінген облыстық ПД хабарламасында.
Топқа Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының үш тұрғыны кірген.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда, ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Келу туралы міндеттеме түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.