Атырау облысында екі көлік соқтығысып, бір адам тірідей жанып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр 

Астрахан трассасында екі көлік соқтығысып, әйел адам тірідей жанып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy АқЖайық басылымына сілтеме жасап. 

14 шілде күні Атырау-Астрахан трассасында 1996 жылы туған ер адам жүргізген Toyota Ipsum және 1957 жылғы жүргізуші басқарған Toyota Highlander көліктері соқтығысты. Салдарынан көлік отқа оранып, жолаушы әйел жанып жатқан көліктен шығып үлгермей, қаза тапты. 

Тағы 5 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-тармағы  (Адам өліміне әкелген жүргізушінің жол жүру ережесін бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.