$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.07.2021, 23:48
Оқиғалар

Жалған вакцина паспортын жасаған мұғалімнің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Оның вакцина паспортын қалай жасағаны әзірге белгісіз

 

Оралда мектеп мұғалімі короновирусқа қарсы екпе алғаны туралы құжатты қолдан жасады деген күдікпен істі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінен хабарлағандай, күдікті қала мектептерінің бірінде жұмыс істейді. Оның вакцина паспортын қалай жасағаны және өзге сыбайластарының бар-жоғы әзірге белгісіз. Қазір тергеу жүріп жатыр. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

«Аталмыш жағдай Батыс Қазақстан облысында бірінші рет орын алып тұр. Қазіргі таңда барлық мән-жай анықталуда. Сәйкес сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық кодекстің 385-бабы 3-бөлігіне сәйкес, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», - деді БҚО ПД баспасөз қызметінің жетекші маманы Мөлдір Садырғалиева.

Серіктес жаңалықтары