Қарағандыда балалар буаз мысықты тоғызыншы қабаттан лақтырып жіберген

Автор: Azattyq Rýhy

Ветеринарлық емхана өкілдері мысықтың өлім аузында жатқанын хабарлады

Видеодан кадр

Қарағандыда 9-10 жас аралығындағы екі баланың буаз мысықты тоғыз қабатты тұрғын үйдің терезесінен лақтырып жіберген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.    

«Новый вестник» басылымының жазуынша, балалардың қатыгез әрекеті үйдің кіреберісіндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бейнежазбадан олардың мысықты жоғарғы қабатқа қалай көтеріп бара жатқанын көруге болады. Ересектер балалардың аяусыз әрекеті туралы мысық жерге құлағанда ғана бір-ақ білген. 

«Көршілеріміз балаларды қуып жіберіп, мысықты ветеринариялық емханаға апарды», - дейді оқиға куәгерлерінің бірі Алена Говорова.

Ветеринарлық емхана өкілдері мыршымдардың бәрі өліп қалғанын, қазіргі уақытта мысықтың өлім аузында жатқанын хабарлады.

«Қазір мысық ауыр күйде жатыр. Оның жағдайын бақылап отырмыз», - деді емхана өкілдері. 

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған факт полиция тіркеуіне алынған. Қазіргі уақытта балалардың заңды өкілі саналатын ата-анасына қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, мысықты емдеуге қажетті барлық шығынды өтеу міндеттелген.

Ал мысықтың қожайыны 37 жастағы тұрғын екені анықталды.