Олар медициналық анықтама алуға келген дейді видео авторы
Журналист Гүлмира Әбіқай өзінің Instagram-парақшасында Түркістан облысы Келес ауданындағы емханада болған жайтпен бөлісті. Видеокадрларда ондаған адамның ғимаратқа кіре алмай, бірін-бірі таптап кетуге аз қалғанын көруге болады.
Журналист тұрғындардың карантин талаптарын сақтамағанын, олардың бәрі 086-шы анықтаманы алуға келгенін айтады.
«Бұл Түркістан облысы Келес ауданындағы Абай емханасы. Жәй күнделікті көрініс осы. Сонда бұл өңірде ковид сыртта жоқ та іште бар ма, түсінбедік? Барлық қызмет онлайнға көшкенде 086 неге кезекте таласып алу керек?» - деп жазды журналист өзінің парақшасында.