Семейде жол апатынан бір адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

 

Семейде жол-көлік оқиғасы болып, жеңіл көліктің 48 жастағы жолаушысы қайтыс болды, деп хабарлайды Алтайньюс.

Жол апаты 12 шілде күні сағат 18:00 шамасында қаладағы Қаржаубайұлы мен Қабылбаев көшелерінің қиылысында болған.

«48 жастағы Volkswagen жүргізушісі бұрылған кезде маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбей «Газ-53» көлігімен соқтығысты», - деп хабарлады Семей қалалық ПБ баспасөз қызметі.

Көліктің 48 жастағы жолаушы алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.