Суға батқандардың ең көбі Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелді
2021 жылдың 5-11 шілде аралығында еліміздің су айдындарында 47 адам, оның ішінде 8 бала суға батып, қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Суға батқандардың ең көп саны Алматы (8), Шығыс Қазақстан (8), Ақмола (5) және Солтүстік Қазақстан облыстарында (5) тіркелді.
Ал балалардың суға батып, қайтыс болған қайғылы оқиғалар Алматы (3), Түркістан (2), Ақмола (1), Солтүстік Қазақстан облыстарында (1) және Нұр-Сұлтан қаласында (1) орын алды.
ТЖМ азаматтарды су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерінің талаптарын сақтауға шақырады және бірінші кезекте:
Әр адам қауіпті жерлерді және шомылатын су қоймасының ерекшеліктерін білуі керек, өйткені жабдықталмаған жерлерде тастар, су басқан бөренелер, темір кесектері, шыны және басқа заттар болуы мүмкін.