Әкесі спирттік ішімдік ішіп, қызын ұмытып кеткен
Полицейлерге қыздың туыстары 7 шілдеде түнгі сағат 23:00-де арызданып келген. Айтуларынша, 8 жасар қыз әкесімен өзенге кетіп, содан қайта оралмаған. Әкесі таныстарымен спирттік ішімдік ішіп, баласын қадағаламаған деп хабарлайды ШҚО бойынша Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Арыз түсісімен полицияның жеке құрамы түгел, сондай-ақ ұлттық гвардия сарбаздары іздеу жұмыстарына кірісті.
«8 шілде күні таңғы уақытта қыз бала сол күні өзен жағасында болған әйел адамның пәтерінен табылды. Қазіргі уақытта баланың жағдайы жақсы, анасының қолына тапсырылды», - делінген полиция таратқан хабарламада.