Қамауға алынғандар арасында АҚШ азаматы бар
Гаитиде президент Жовенель Моиздің өліміне қатысты 6 күдікті ұсталды, деп хабарлайды "Хабар24".
Оқиғаға қатысы бар тағы 7 адам мерт болды. Жергілікті биліктің хабарлауынша, қамауға алынғандар арасында АҚШ азаматы бар. Тергеушілер қылмыстық іс алдын ала жоспарланғанын айтып, қастандықты шетелдік жалдамалы кісі өлтірушілер жүзеге асырды деп болжап отыр.
Естеріңізге салайық, Гаитиде сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні президент Жовенель Моиздің резиденциясына бір топ қарулы адам шабуыл жасап, оны өлтіріп кеткен. Оның әйелі ауыр жарақтпен ауруханаға жеткізілді. Оқиғадан кейін елде төтенше жағдай енгізіліп, 15 күн қаралы деп жарияланды.