Қоқыс шелегіне басын тыққан: Алматыда жекеменшік колледжде жаппай төбелеске не себеп болды?!

Автор: Azattyq Rýhy

Алматыда медицина мамандығына оқытатын колледждің студенттері жаппай төбелеске қатысты

Оқиға 13 желтоқсанда Республикалық Жоғары Медициналық Колледжі оқу ғимаратының ішінде болған.Кикілжіңге білім алып жүрген бір топ жастың өзге бір студентке әлімжеттік жасағаны себеп болыпты. Оны дәрменсіздік танытқанына қарамастан дәліздегі қоқыс шелегіне басын тыққан. Көп ұзамай осы сәт бейнеленген түсірілім әлеуметтік желіде тарады. Куәгерлердің айтуынша, жәбір көрген студенттің таныстары келіп, әлімжеттік жасаған колледж студенттеріне төбелес шығарған. Осы оқиғадан кейін 5 студент оқудан шығарылған, ал олардың ата-аналарына айыппұл салынды. Бірақ құзырлы органдар ешқандай іс қозғамаған.  Бұл ақпаратты  Azattyq Rýhy  тілшісіне қалалық білім басқармасының өкілдері растады. Ал колледж басшылығы ақпарат беруден бас тартты.

Ришат Асқарбекұлы, Алматы