Павлодар облысында жастар отырған көлік бағанға соғылып, екі адам зардап шекті

Автор: Azattyq Rýhy

Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылып, тексеріс жүргізіліп жатыр 

Павлодар облысында жастар отырған көлік бағанға соғылды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 3 шілде күні сағат 21.20-да  Кенжекөл – Ақсу автожолында болған.

«БМВ 318» автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдамай, меттал бағанға соғылды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2003 және 2004 жылдары туған жолаушылар жарақат алып, ауруханаға жеткізілді», - дейді департаментте. 

Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылып, тексеру жүргізілуде.