Қостанай облысында бүлдіршін бесінші қабаттан құлап кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Бала облыстық ауруханаға жеткізілді

Қостанай облысында бүлдіршін бесінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy alau.kz-ке сілтеме жасап. 

 «7 шағын ауданда бала бесінші қабаттан құлап кеткен. Сағат 19:25-те қоңырау келіп түсті. 19:28-де дәрігерлер оқиға орнында болды. Бүлдіршін облыстық ауруханаға жеткізілді.

Бала жабық бассүйек ми жарақатын алған. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр, бірақ қалыпты», – делінген Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан мәліметте.