Қостанайда әкесі баласын балтамен ұрып өлтірді

Автор: Azattyq Rýhy

30 жастағы жігіттің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Фото: ашық дереккөзден

Қостанайда әкесі баласын балтамен ұрып өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қостанай облыстық полиция департаменті таратқан мәліметке сүйенсек, әкесі мен ұлы сөзге келіп қалған. Жанжал барысында әкесі баласының басынан балтамен ұрып жіберген. Екеуі де масаң күйде болған.

Күдікті ретінде 73 жастағы ер адам ұсталды. Тергеу амалдары жүргізілуде.